Мадридтегі күшті жарылыстың неден болғаны белгілі болды

Мадрид қаласының орталығында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Толедо көшесінде болған жарылыстан ғимараттың жоғарғы үш қабаты опырылып құлаған. Полиция оқыс оқиға болған ауданды қоршауға алды. Алғашқы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, тұрмыстық газ жарылған көрінеді. Қанша адамға зақым келгені туралы нақты ақпарат жоқ. Кей мәліметтерге қарағанда, жарылыстан 6 адам жарақат алған. Олардың біреуі ауыр хәлде.