АҚШ-та белгісіз біреу сауда орталығында бір адамды атып тастады

АҚШ-тың Висконсин штатында белгісіз біреу сауда орталығында атыс ашып, бір адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір тұрғын жарақат алды. Оқиға Эпплтон қаласының маңында болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жан-жағына бей-берекет оқ жаудырған қаскөй оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Куәгер:

- Қызмет көрсету саласында жұмыс істеймін. Атыс дыбыстары естілгенде халық не істерін білмей қалды. Кішкентай балалары бар адамдарды жуынатын бөлмеге кіргізіп, есігін жауып тастадым. Қатты қорқып қалдық. Әлі де өз-өзіме келе алмай отырмын.

Сондай-ақ...