Үндістанда Гималай тауынан жылжыған мұздықтан жоғалғандар саны артты

Үндістанда Гималай тауынан төмен жылжыған мұздықтың кесірінен із-түссіз жоғалғандар саны 150 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апат орнында іздеу-құтқару операция жалғасуда.

Жергілікті билік таратқан соңғы ақпарат бойынша құрылыс жүріп жатқан зауыт маңындағы жерасты жолында қамалып қалған 12 жұмысшы құтқарылды. Қазір басқа 30 адамды құтқаруға әрекет жасалып жатыр. Мамандардың айтуынша, әлемдегі ең биік таудағы мұздықтың көшуіне ғаламдық жылыну әсер етуі мүмкін. Экологтар мұндай қауіптің барын Үндістан билігіне 2 жыл бұрын ескерткен екен. Бұған дейін оқыс оқиғадан 9 тұрғынның қаза тапқанын хабарлағанбыз.