Илон Маск бір күнде 15 млрд долларынан айырылды

Илон Маск бір тәулікте 15 миллиард 200 миллион долларынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені оған тиесілі америкалық Тесла компаниясының акциялары күрт арзандаған. Нарықта мұндай жағдай былтыр қыркүйектен бері алғаш рет тіркеліп отыр. Салдарынан Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды. Енді бұл орында «Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Үштікке Еуропаның ең ауқатты адамы әрі «Louis Vuitton» компаниялар тобының басшысы Бернар Арно да кіреді. 

Сондай-ақ...