Ауғанстанның Жалалабад қаласында қарулы топ үш қызды атып кетті

Жергілікті телеарнада жұмыс істейтін бойжеткендер үйіне қайтып келе жатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлер қарулы жігіттер оларды маңдайынан атып, қашып кеткенін айтады. Жарақат алған тағы екі қыз ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр. Аймақтық полиция басшысы бір күдіктінің қамауға алынғанын және оның «Талибанмен» байланысы барын алға тартады. Бірақ тәліптер шабуылға қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Телеарна басшысының айтуынша, марқұм қыздар 18 бен 20 жас аралығында болған. Олар жақында оқу бітіріп, үнді, түрік сериалдарын жергілікті пушту тілінде дубляждаған.

Айта кетейік, Ауғанстанда соңғы 6 айда ақпарат саласының 15 қызметкері қаскөйлердің қолынан қаза тапты.