Сомалиде бомба салынған көлік жарылып, 20 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода бомба салынған көлік жарылып, 20 адам қаза тапты.

Тағы 30 кісі жарақат алды. Көлікке мінген бір лаңкес мейрамхана алдына келіп, жарылғыш затты іске қосқан. Жарылыстан ғимарат қирап, жақын маңдағы үйлер бүлінген. Әзірге шабуылды қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны белгісіз. Бірақ билік жарылысты «Аш-Шабаб» лаңкестері жасауы мүмкін деп отыр. Себебі осы елдегі лаңкестік әрекеттерді көбіне осы топ жүзеге асырады. Олар Сомалидегі заңды билікті құлатуды көздейді.