Коронавирус тұңғыш таралған Уханьда сақтық шаралары өзгермеген

Тура бір жыл бұрын наурыздың 11-і күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируске байланысты әлемде пандемия жариялаған еді. Індет ошағы Қытайдың Ухань қаласы болды. Ресми дерекке сүйенсек, жұқпалы дерттен Қытайда 4 жарым мың адам көз жұмыпты. Қазір елде індетке байланысты денсаулық коды деп аталатын QR-код жасап шығарылды. Ол жергілікті азаматтарға емін-еркін жұмысқа барып, қоғамдық орындарға болуға мүмкіндік береді. 

Бейжіңде бетпердені бұған дейін тек ауа ластанған кезде тақса енді ол адамдардың күнделікті қолданатын құралына айналды. Қалада көптен бері коронавиурс жұқтырушы тіркелмесе де сақтық шаралары әлі өзгермеген. Кейде тіпті тәртіп қатаң талап етіледі. Мысалы, кеңсеге бару үшін немесе қоғамдық көлікке отыру үшін тіркелу қажет. Бұл үшін денсаулық коды деп аталатын кью-ар код жасап шығарылған. Бұл сіздің қай жерде болғаныңызды көрсетеді.

БЛИЦ:

- Мен бұған үйреніп алдым. Бұл менің ғана емес өзге адамдардың да денсаулығы үшін қажет.

- Бетперде тағып әр жерде денсаулық кодын сканерлеуге бейімделіп алдық.

Өткен жылдың наурыз айында індет жариялана салысымен Қытай өзінің шекарасын жапты. Кейін шектеулер жеңілдетілді. Бірақ қазірге дейін Қытайға кіру үшін екі тест тапсырып, карантинде болу шарт. 1 миллиард 400 миллион тұрғыны бар Қытай үшін мұндай шаралар ауадай қажет. Егер тыйымдар жеңілдетілсе індет өршіп, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Бірнеше күн бұрын Бейжің өзге елдерге бір-бірінің вакцинасын тануды ұсынды. Осы мақсатта шағын бағдарлдама дайындады. Онда елшге оралушы және шетелге шығатын азамттардың вакцина алғаны немесе тест нәтижелері көрсетіледі. Мамандар жүйе елдегі туризмді қайта жандандыруға көмекетеседі дейді.

Чжао Лицзянь, ОҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қытай әлем елдері мен ұйымдарға халықаралық туристік денсаулық сертификатына қатысты өзінің нұсқасын ұсынды. Қазір көптеген мемлекет бұл құжатты тануға ниет білдірді. Қытай тарапы адамдардың қайтадан еркін қатынауы үшін өзге елдермен осындай жүйелерді өзара тану жолын ұсынуды көздейді.

Қытайда қазір коронавирусқа қарсы екпені көп жерде алуға болады. Билік жаздың ортасына дейін 500 миллион адамды вакциналауды жоспарлап отыр.

Автор: Ботагөз Сырғабаева