Испания мен Португалия да AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты

Испания мен Португалия да AstraZeneca компаниясының вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, екпені салуға тыйым салған елдердің қатары 15-ке жетті.

Айта кетейік, Еуроодақ елдерінде AstraZeneca вакцинасын 18 бен 55 жас аралығындағы адамдарға қолдануға рұқсат етілген еді. Осы уақытққа дейін бұл препарат дәрігерлер мен полицейлерге, әскерилер, өрт сөндірушілер және мұғалімдерге қолданылып келген.

Каролина Дариас, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Вакцинаның жанама әсері жайлы деректер аз, бірақ бұл өте маңызды. Испания да осыған байланысты препаратты пайдалануды уақытша екі аптаға тоқтатқан елдердің қатарына қосылып отыр. Шешім Еуропаның дәрі-дәрмекті бақылау агенттігі мен еліміздің бақылау комитетінің зерттеу нәтижелері белгілі болғанға дейін күшінде болады.

Дегенмен, Еуропа тұрғындарының AstraZeneca вакцинасына қатысты пікірі әртүрлі. Кей азаматтар бұл екпені пайдалануды жалғастыра беру керек десе, енді бірі одан бас тарту дұрыс шешім дегенді алға тартады.

Блиц 1:

- Бұл мәселе о баста туған болатын. Сондықтан балаларыма екпе алып жатса, өзге препаратты салдыруды сұраңдар деп ескерттім. Себебі бұл екпенің қауіпсіздігіне күмәнім бар.

Блиц 2:

- Мен ғылымға сенемін. Ал ғалымдар бұл вирусқа қарсы егілу керектігін айтады. Сондықтан вакцина салдырамын.

Сондай-ақ...