Үндістанда коронавирустың қос мутацияға ұшыраған ерекше түрі тіркелді

Жаңа штамм 18 штаттағы 11 мың адамды дертке қарсы тексеру барысында анықталған.

Ауру белгісі әсіресе, Махараштра штатының тұрғындарынан кездескен. Осымен бірге сынама алынған 771 адамнан британдық вирус шықса, 34-інен оңтүстікафрикалық штам тіркелген. Қазір мамандар жаңа штамның қаншалықты жұқпалы әрі вакцинаға төзімділігін тексеріп жатыр.

Айта кетейік, Үндістанда індет басталғалы коронавирусты 12 миллионға жуық адам жұқтырыпты. Наурыз айында елде індет қайта күшейіп, кей штаттар шектеулерді қатаңдатуға көшкен.