Загреб зообағындағы хайуандар «Пасха» мерекесіне орай тәттіге қарық болды
- 295
- UPD: 14:29, 06.04.2021

Хорватиядағы хайуандар тәттіге қарық болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел астанасы Загребтегі зообақ қызметкерлері жұмыртқа бейнесіндегі жылы-жұмсақты бірінші кезекте үлкен маймылдарға үлестірді. Мұндай кеңшілік «Пасха» мерекесіне орай арнайы жасалған. Тамақтар хайуандардың қалауына байланысты дайындалды. Арыстан сияқты жыртқыштарға ет берілді. Ал ет жемейтін жануарларға жеміс-жидек ұсынылған. Ұйымдастырушылар «бұл науқан зообаққа келген балалар мен ересектер үшін де қызық болды», дейді.
