ДДСҰ әлемдегі вакцинаға қатысты әділетсіздікті сынға ұшыратты

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаның әлем елдері арасында әділ бөлінбеуін қатаң сынға алды.

Аталған ведомство басшылығының айтуынша, кей елдерде әлі күнге дейін медицина мамандарын вакциналау ісі басталмаған. Осыған байланысты әлемдік қауымдастықты бұл мәселеге баса мән беруге шақырды.

«Өйткені пандемияның қиын кезеңінен шығудың бірден бір жолы дәл осы вакцина», - дейді ұйым өкілдері.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

- Вакцинаның әлем елдері арасында әділ бөлінбеуі күрделі кезеңнен шығу жолындағы негізгі кедергі болып тұр. Кей елдерде коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлердің әлі күнге дейін вакцина алмағаны ақылға қынжылтады.

Сондай-ақ...