Францияда «экоцид» деп аталатын қылмыстың жаңа түрі енгізілді

Құжатта әуежайларды ұлғайтуға, ашық алаңдарда жылытқыштарды орнатуға және тауарларды қаптайтын пластик пакеттерді көп қолдануға тыйым салынған.

Бұдан бөлек, елдің қылмыстық кодексіне «экоцид» деп аталатын қылмыстың жаңа бір түрі енгізілді. Бұл фауна мен флораға және ауаны, суды, топырақты қасақана ластау дегенді білдіреді. Енді заң жобасын сенат қарауы тиіс. Парламенттің жоғарғы палатасы құжатты маусым айында дауысқа салады.

Жан-Франсуа Джульяр, Франциядағы Greenpeace бөлімшесінің бас директоры:

– Бұл заңды осыдан 15 жыл бұрын, климаттың өзгеруіне қатысты мәселе аса шиеленіспеген кезде қабылдау керек еді. Қазір ғаламдық жылнуымен күресу үшін бір құжат жеткіліксіз. Бұл жоба үкіметтің 2030 жылға дейін елдегі парниктік газды 40 процентке азайту туралы жоспарын орындауға мүмкіндік бермейді.