Пәкістанда құмды дауыл соғып, үш адам көз жұмды

Пәкістанның Карачи қаласында құмды дауыл соғып, 3 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында бір бала бар. Марқұмдардың барлығы дүлей жел кезінде ұшқан үй шатырларынан жарақаттанып, мерт болған. Қанша адамның жапа шеккені әлі белгісіз. Кей аудандарда электр энергиясын беру тоқтап қалған. Дегенмен, қала тұрғындары бірнеше күнге созылған ыстық пен дауылдан кейін жаңбыр жауғанына қуанышты.

Мохаммад Тахир, жергілікті тұрғын:

- Соңғы 2 күнде ауа температурасы 44 градусқа дейін жетіп, күн қатты ысыды. Далаға шыға алмай қалдық. Енді құмды дауыл соққаны болмаса, жаңбыр жауғаны қандай жақсы болды.

Сондай-ақ...