Малайзияда екі пойыз соқтығысты

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда екі пойыз соқтығысып, 200-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Апат туннельде болды. Үңгіртасқа кірген пойыздар бір-бірін бетпе-бет келіп қаққан. Биліктің мәлімдеуінше, оның бірінде жолаушылар отырса, екіншісі қашықтан басқару арқылы сынақтан өтіп жатқан.