АҚШ-та теңіз арыстандары жаппай ракқа шалдығып жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатындағы теңіз арыстандары жаппай ракпен ауыра бастады.

Мұны аймақтың Судағы сүт қоректілер орталығының мамандары анықтаған. Олар 20 жыл бойы 400 теңіз арыстанын бақылауда ұстап, үнемі зерттеу жүргізіп келген. Ультра дыбыстық құралдар арқылы қарағанда, жануарлардың ағзасынан түрлі химиялық заттар, оның ішінде пестицидтер табылған. Нәтижесінде 400 теңіз арыстанының 25 процентінің рак ауруына шалдыққаны анықталды.

Кара Фильд, Судағы сүтқоректілер орталығының директоры:

– Теңіз арыстандарының, негізінен, бауыры бүлінген. Табиғаттағы тіршілік иелерінің арасында рак ауруы өте жоғары деңгейде тіркеліп жатыр. Бұл сұмдық жағдай. Негізі, бұрын бірен-саран ғана кездесетін. Мұхиттарда не болып жатқанына тиісті деңгейде назар аударуымыз керек.

Сондай-ақ...