Токиодағы Олимпиаданы тамашалау үшін әр стадионға 10 мың адам кіргізіледі

Токиода өтетін Олимпиада ойындарын тамашалау үшін әр стадионға 10 мың жанкүйер ғана кіргізіледі.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері хабарлады. Сақтық мақсатында жасалған ережеге сәйкес, трибуналар тек жартылай толы болуы тиіс. Ал елдегі ахуал күрт нашарлап, төтенше жағдай жарияланған жағдайда спорттық кешенге кіргізілетін көрермен саны бұдан да қысқаруы мүмкін.

Айта өтейік, жазғы Олимпиада ойындары шілденің 23-інде басталып, 8 тамызға дейін жалғасады.