«Абдалла» вакцинасының тиімділігі 92%-ті құрады

Кубаның коронавирусқа қарсы жасап шығарған «Абдалла» деп аталатын вакцинасы клиникалық сынақтың үшінші сатысында дертке қарсы жоғары тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол адамға 2 апталық аралықпен үш рет егуден кейін вирустан қорғанышы 92%-ті құраған. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізілген сынаққа 48 мыңнан аса адам қатысқан. Зерттеу түрлі штаммдар тараған аймақтарда жүргізілген.

Айта кетейік, Куба бірнеше күн бұрын Soberana деп аталатын тағы бір вакцинасының клиникалық сынақтың үшінші сатысында тиіміділігі 62%-ті құрағанын мәлімдеді. Жалпы Кубада COVID-19-ға қарсы 5 екпе жасап шығарған. Олардың кейбіреуі адамдарға егіліп жатыр.

Сондай-ақ...