Египет вакцина салдырғандарды елге ПТР-тестсіз кіргізуге рұқсат берді

COVID-19-ға қарсы толық вакциналанған шетелдіктер Египетке вакцинация туралы куәлік ұсынған жағдайда ПТР-тестсіз кіре алады.

«Бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Египеттің дәрі-дәрмек құралдары басқармасы мақұлдаған вакциналар жатады», - делінген хабарламада.

Екі компонентті вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң Египетке кіруге рұқсат етіледі (Спутник V, Pfizer, AstraZeneca, Moderna, Sinopharm, Sinovac) немесе Johnson& Johnson бір компонентті вакцинасының алғашқы дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң. Сертификаттарда QR код және ресми органның мөрі болуы керек, түзетулерге, толықтыруларға жол берілмейді.

Сонымен бірге, бұл талаптар коронавирустың мутацияланған штамдары тіркелмеген елдерге қатысты екендігі айтылған.

Сондай-ақ...