Филиппинде әскери тікұшақ апат болды: қаза тапқандар бар

Филиппиннің Қарулы күштеріне тиесілі тікұшақ Маниладан солтүстікке қарай құлаған.

АҚШ жасап шығарған S-70i Black Hawk тікұшағында экипаждың үш мүшесі және үш әскери қызметкер болған. Олардың бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында апаттан көз жұмғандардың денелері анықталды, олардың ешқайсысы аман қалмаған», – деді Филиппиннің Әскери-әуе күштерінің өкілі.

Тікұшақ Тарлак провинциясындағы әуе базасын тексеру кезінде апатқа ұшыраған.