Ауғанстан мен Түрікменстан шекарасында атыс естіліп жатыр

Ауғанстан мен Түрікменстан шекарасында атыс естіліп, елдің оңтүстігіндегі кей ауданнан түрікмен әскерилері отбасыларын эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыс Түрікменстанның Серхетабад мекені мен Ауғанстанның Тургунди ауылы жағынан естілген. Куәгерлер кеше Серхетабадқа қарай жауынгерлерге толы 8 көлік өткенін көрген.

Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстаннның Түрікменстанмен шекаралас Багдис провинциясында тәліптер мен үкімет күштері арасында кескілескен ұрыс жүріп жатқаны хабарланған. Ал бірер күн бұрын Түркіменстан Ауғанстанмен шекарадағы «Акина» бақылау өткізу бекетін жапқан болатын. Себебі тәліптер бекетке жақын бірқатар елді мекенді басып алған.