ДДСҰ: Әлем коронавирустың үшінші толқыны алдында тұр

Адамзат коронавирустың үшінші толқыны алдында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, қазір әлемде вирус жұқтыру деректері мен өлім-жітім көрсеткіші қайтадан арта бастаған.

«Бұл «Дельта» штамының кесірі», - дейді Тедрос Гебрейесус. Сонымен қатар бұған азаматтардың жүріс-тұрысының көбеюі мен вакцинаға қолжеткізу теңсіздігі де түрткі болған көрінеді. Өйткені әлі күнге дейін ковидке қарсы дәріге қолжеткізе алмай отырған мемлекеттер көп екен.