Қытайда Сиань мұнарасы өртенді

Қытайдың Сиань қаласында халықаралық сауда мұнарасынан өрт шықты.

Бұл туралы Eventful China хабарлады.

Куәгерлер түсірген видеодан ғимараттың қалай жанып жатқанын көруге болады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.