Беларусь мигранттары Литвадағы босқындар орталығында бас көтерді

Литвадағы мигранттар орталығында босқындар бас көтерді. Келімсектер уақытша лагерьдегі жағдайдың адам төзгісіз екенін айтып, шу шығарған.

Бүлікті басу үшін билік қосымша полиция жасаған алдырды. Мигранттар қоршауды бұзып, қашуға әрекеттенген. Бірақ мұздай қаруланған тәртіп сақшылары бұған жол бермеді. Лагерьге мигранттар Беларусь елінен келген. Олардың 60 проценті Ирактан қоныс аударғандар. Жыл басынан бері Литвада шекарадан заңсыз өткен 3832 босқынның жолы кесілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 47 есеге көп. 2020 жылы 81 мигрант ғана шекара асқан. Келімсектер санының күрт өсуіне байланысты Литва билігі Беларусь шекарасының бойынан құны 100 миллион еуродан асатын дуал тұрғызуға бел буып отыр.