АҚШ стратегиялық қорынан 20 миллион баррель мұнай сатады

АҚШ стратегиялық қордан 20 млн баррель мұнай сатады. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі жариялады. Түскен табыс қаржы министрлігіне беріледі.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Джо Байден қордағы қара алтынды сатудан түскен қаржыны инфрақұрылымды дамытуға жұмсайтынын айтып, Конгреспен келіскен еді. Мәліметтерге қарағанда қордағы мұнайды сату 31 тамыз бен 13 қыркүйек арасында жүргізіледі.

Айта кетейік, АҚШ-тың мұнай қоры әлемдегі ең ірі қойманың бірі. Жалпы көлемі 714 миллион баррель қара алтын сақтауға арналған. Қазір қорда 624 миллион баррельдей мұнай бар. Америка Құрама Штаттары тәулігіне 20 миллион баррель мұнай тұтынады. Әзірге оның 11 миллион баррелін ғана өздері өндіреді.

Сондай-ақ...