Жапонияның тағы 8 префектурасында төтенше жағдай енгізіледі

Жапонияда коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты тағы 8 префектурада төтенше жағдай енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Экономиканы қалпына келтіру министрі мәлім етті. Себебі вирусты жұқтырғандардың көбеюіне байланысты денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық күшейе түскен. Шектеулер тамыздың 27-сі күні енгізіліп, қыркүйектің 12-сіне дейін жалғасады. Жаңа тәртіпке сай қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы шектеліп, спирттік ішімдіктерді сату тәртібі қатаңдатылады.

Айта кетейік, қазір күн шығыс елінде Токиомен бірге 13 аймақта төтенше жағдай енгізілген.

Сондай-ақ...