АҚШ Ауғанстандағы әскерін шығара бастады

АҚШ әскерін Кабул әуежайынан әкете бастады.

Елдің қорғаныс министрлігі де, Пентагон да лаңкестік әрекеттер қайталанады деп қауіптенеді. Құрама штаттар мен оның одақтастары әскерилерін 31 тамызға дейін толығымен Ауғанстан аумағынан алып кетпек.

Қазір түрлі мәліметтерге қарағанда, Кабул қаласында 4 мыңдай Америка сарбазы бар.

Еске салайық, Ауған билігі тәліптердің қолына өткелі АҚШ пен одақтастары елден 117 мың адамды алып шыққан.