Ауғанстанда лаңкестер әуежайға 6 зымыран атқан

Кабул әуежайына зымыранмен жасалған шабуылды Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

«Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, экстремистік топтың өкілі 6 зымыран атқанын жария еткен. Бұған дейін АҚШ билігі Құрама Штаттардың арнайы әскери жүйесі бірнеше зымыранды қағып түсіргенін мәлімдеген болатын. Алайда біреуі әуежай аумағында жарылған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Осы оқиғадан кейін Джо Байден америкалық әскерилерге әуе айлағындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.