Ауған ұшқыштарының тағдыры не болмақ?

Өзбекстанға қашқан Ауғанстанның әскери ұшқыштарының алдағы тағдыры белгілі болды.

The Wall Street Journal баспасының мәліметі бойынша, олар отбасымен бірге АҚШ-тың Дохадағы әскери базасына жеткізіледі. Кейін өзге елдерге жіберіледі-мыс.

Естеріңізге сала кетейік, шамамен 1 ай бұрын Ауғанстанның әскери пилоттары әскери әуе күштерінің ұшақтарымен Өзбекстанға ұшып келген еді. Кейін көрші елдің бас прокуратурасы 22 әскери ұшақ пен 24 тікұшақ әуе кеңістігін, заңсыз кесіп өткенін хабарлады. Бұл әуе кемелерінде 585 адам болған. Ал тақауда Өзбекстан тәліптер қысып жатыр деп, Ауғанстанның ұшқыштарын елдеріне, қайта депортациялайтынын айтып, АҚШ-қа ескерткен болатын. Тәліптер әскери ұшақтар мен тікұшақтарды да қайтаруды талап етіп отыр.