Испанияда жеті мың гектар орманды алқап өртенді

Испанияда орман өрті дес бермей тұр.

Қызыл жалын 7 мың гектар орманды алқапты, тып типыл еткен. Бірнеше елді мекенге қауіп төнді. Құтқарушылар кеше 2 жарым мыңнан астам адамды эвакуациялады. Бұған дейін туристер мен шет ел азаматтары тұратын аумақтан мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Өрт сөндіру жұмыстарына 40-тан астам ұшақ пен жүздеген маман тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Испанияда орман өртінен 75 мың гектар аумақа күлге айналған.

Рафаэль Фанега, өрт сөндіруші:

– Маңайды түгел жалын шарпып барады. Сөндіруге шамамыз келмей жатыр. Жан-жағымыз от. Көмекке тағы құтқарушылар шақыру керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ...