Пентагон Кабулда автокөлікке тасталған бомбаның қателік болғанын мойындады

Қайғылы оқиға өткен айда болған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша әуе соққысынан 10 бейбіт тұрған бақилық болған. Америкалық әскерилер негізі жанкешті-террористің көзін құртпақ болды деп ақталды. Бірақ кейін тергеу жүргізіліп, қорытындысы белгілі болды. Қазір АҚШ билігі зардап шеккен тұрғындарға моралдық және материалдық шығын төлеуді қарастырып жатыр.

Кеннет Маккензи, АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығының басшысы:

- Ведомствоаралық серіктестер бірлесіп жүргізген тергеу қорытындысын талдай отыра, мен осы әуе соққысының салдарынан 10 бейбіт тұрғын, оның ішінде 7 бала қаза тапқанына көз жеткіздім. Оның үстіне көз жұмғандардың ДАИШ-пен байланысы барына және АҚШ-тың қарулы күштеріне тікелей қауіп төндіргеніне күмәнмен қараймын. Марқұмдардың жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл әуе шабуылы қателік болды. Әскери қолбасшы ретінде қайғылы оқиға үшін басыммен жауап беремін.