Пермьдегі атыстың видеосы жарияланды

Видеокамераға жазылған роликте қаскөйдің университет холында студенттердің бірін атып өлтіргені жазылып қалған.

Желіде Пермь университетінде болған атыс видеосы тарады. Бақылау камераларының видеосы Baza Telegram-арнасында жарияланады.

Белгілі болғандай, Тимур Бекмансуров алдымен оқу орнының алдында топтасып тұрған студенттерге оқ атқан. Олардың бірі жарақат алады. Басқалары оны ішке сүйреп кіргізгенімен, Бекмансуров артынан бәрібір оны атып өлтірді.

Пермьдегі оқу орнында атыс болды. Салдарынан сегіз адам қаза тапқан. Осы жағдайға байланысты министр Асхат Аймағамбетов көңіл айтты. Ал қаскөйдің өзі аман қалды. Ол ЖОО студенті болып шықты. Бұл туралы куәгерлер де пікір білдірді.