Вирджиния штатында мектептегі атыстан екі оқушы жарақат алды

Мектепте оқ атылып, екі оқушы жарақат алды.

Дәрігерлер зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ дейді. Барлық оқушылар кампус аумағындағы теннис ойын алаңына эвакуацияланды. Оқиға АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Ньюпорт-Ньюс қаласында болған. Белгілісі, кәмелет жасқа толмаған күдікті оқу орнына келіп жағалай оқ атқан. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны белігісіз. Күдіктінің кім екені де әзірге құпия. Бір анығы, полиция ұстаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Стив Дрю, полиция қызметкері:

- Оқушыларды эвакуациялау жұмыстарына полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Дәрігерлер зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетті. Бір адам бетінен жарқат алып, екіншісінің аяғына оқ тиген. Зардап шеккен екі оқушы да 17 жаста.