Пермьде атыс шығарған күдікті өте ауыр халде жатыр

Пермь қаласындағы университетте болған атыстан зардап шеккендер саны артып, 43-ке жетті.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша атыс ашқан күдіктінің жағдайы өте  ауыр. Ал мамандардың көмегіне жүгінген басқа жапа шеккендердің жағдайы қалыпты, алған жарақаттары ауыр емес. Естеріңізге салайық, Пермь мемлекеттік университетінде болған  қайғылы оқиғадан 6 адам қаза тапты. Атыс ашқан 18 жастағы жігіт осы униврситеттің студенті болып шықты.