Ауғанстанда мешітте болған жарылыстан 100-ге жуық адам көз жұмды

Жұма күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында орналасқан Сейд-Абад мешітінде жойқын жарылыс болғанын хабарлағанбыз.

Жарылыс салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды Aamaj News ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да (елорда уақытымен 15:00) жұма намазы кезінде жасалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жанкешті жарылғыш құрылғыны діни ғимараттың ішінде іске қосқан.