АҚШ-та балаларға вакцинаның үшінші дозасы салынуы мүмкін

Американдықтар үшін Джонсон & Джонсон және Модерна вакциналарының бустер екпелері дайын. Осы уақытқа дейін тек Пфайзер компаниясының үшінші дозасы қолжетімді болған еді.

Енді бұл санаттағылар Модерна вакцинасының бустерін және 18-ден асқандар Джонсон & Джонсон екпесінің қосымша дозасын ала алады. Алайда уақыт өткен сайын жас шектеулері бірте-бірте алына бастайды дейді сарапшылар. Қазір американдықтардың тек 12 миллионы ғана Пфайзер компаниясының үшінші дозасын салдырған.

Энтони Фаучи, АҚШ-тың аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры:

- Өзге елдердегі зерттеулерге сүйенсек, ковид екпесі мен қосымша доза алу үшін жас шектеулері алынып тасталып жатыр. Демек, АҚШ-та да бір немесе бірнеше апта өткен сайын бұл шектеулер өзгеріп тұрады деп ойлаймын. Өйткені бустер екпелері ковидтің таралуына тосқауыл қояды. Халық қазір бустер екпелерін алуы керек. Барлығы өз қолымызда. Жағдайдың ушығуы немесе жөнге келуі халықтың өзіне байланысты.

Рошель Валенский, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры:

- Нарықтағы 3 өндірушінің кез келгенінің бустер екпесін алуыңызға болады. Демек, ковид вакцинасының алғашқы қос дозасы Модернадан болып, үшіншісін Пфайзерден аламын десеңіз де рұқсат. Алайда мейлі сіз қос дозаны алыңыз, мейлі оның артынан бустер екпесін алыңыз, бірақ сіз қатерлі індеттен толықтай қорғалған жоқсыз. Өйткені вирус дендеп тұрған кезде қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауға болмайды.

Сондай-ақ...