Болгарияда ауруханалар ковидке төтеп бере алмай жатыр

Болгарияда коронавирус індеті өршіп барады. Вирустың таралу қарқыны бірнеше апта бойы толастамай тұр.

Қазір ауруханаларда 7 мыңға жуық науқас ем қабылдап жатыр. Тағы 700-дей адам жансақтау бөлімдерінде. Ковид жұқтырғандардың 90 проценті вакцина салдырмаған. Сарапшылар азаматтардың көбі екпенің тиімді екеніне сенбейтінін айтады. Ересек тұрғындардың әзірге 25 проценті ғана вакцина салдырған. Бұл Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Коронавирусқа байланысты эпидахуал нашарлаған соң Болгариядағы ауруханалар басқа кезекте тұрған науқастарды қабылдау ісін тоқтатты.

Георгий Георгиев, жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Пандемия басталғалы ең қиын кезеңдердің бірін бастан кешіріп жатырмыз. Шынымызды айтсақ, әбден қалжырадық. Бізге реаниматолог, терапевт, инфекционист сияқты білікті мамандар жетіспей жатыр.