Әлемде 90 миллионға жуық адам босып кеткен

Әлемдегі босқындар мен ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған азаматтар саны 84 миллионнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары басқармасының баяндамасында айтылды.

Онда келтірілген дерекке сәйкес, шілде айында әлем бойынша 26,5 миллион адамда босқын мәртебесі болған. Ең көбі – Сирия, Палестина және Ауғанстан азаматтары. Бұған көбіне түрлі қақтығыстар мен климаттың өзгеруі сияқты проблемалар түрткі болып жататын көрінеді.