АҚШ стратегиялық қордағы мұнайды пайдалануға рұқсат береді

Қордың жалпы көлемі 35 миллионнан астам баррельді құрауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Блумберг» агенттігінен мәлім болғандай, бұл туралы бүгін АҚШ президенті Джо Байден ресми жария етпек.

Бұған дейін мұндай қадамға Үндістан, Жапония мен Оңтүстік Корея барған болатын. Осының алдында ресми Вашингтон «ОПЕК плюс» елдерін мұнай өндірісін арттыруға шақырып, бірақ бұл үндеу қолдау таппаған еді. Содан кейін Байден жылдар бойы сақтап келген «қара алтын» қорын ашуға шешім қабылдағалы отыр дейді, сарапшылар.

Сондай-ақ...