Перу астанасында жүздеген мұғалім шеруге шықты

Олар биліктен білім беру жүйесін жетілдіруді талап етті.

Бұл үшін қаржыландыру деңгейін 6 процентке арттыру қажет. Осылайша мұғалімдердің жалақысы мен зейнетақысын көтеруге болады. Кәсіподақтың мәліметі бойынша, елдегі мемлекеттік мектептердің 60 процентінің материалдық-техникалық базасы да нашар. Оқу орындарының 43 процентінде су, 21 процентінде электр жарығы жоқ. Ереуілшілер қазіргі президент Педро Кастильоның да мектеп мұғалімі болғанын алға тартады. Мемлекет басшысы аянып жатпағанын айтып, ақталып әлек. 

Мария Ретамозо, мұғалім:

– Біз президентке қарсы емеспіз. Тек ол сайланар алдында мұғалімдердің жағдайын жақсартамын деп уәде берген еді, енді соны орындауы тиіс. Сөзден іске көшсін!"

Педро Кастильо, Перу президенті:

– Біз 2022 жылдың бюджетінде білім саласына бөлінетін қаржы көлемін 650 миллион долларға көтердік. Бұл,,, оффлайн оқуды ұйымдастыруға, кәсіби біліктіліктілік пен технологиялық инновацияны арттыруға бағытталады.

Сондай-ақ...