Швейцария коронавирустан қайтыс болғандарды еске алды

Швейцария коронавирустан қайтыс болғандарды еске алды.

Елде 11 мыңнан астам марқұмның құрметіне 11 мыңнан астам шам жағылды. Еріктілердің айтуынша, бұл тек еске алу шарасы ғана емес, сонымен бірге ел үкіметінен локдаун режимін күшейтуді талап ету. Өйткені Швейцарияда қазір вирус жұқтырғандар қатары қайта көбейген.  

Швейцария азаматы:

– Бұл һәм еске алу шарасы һәм де наразылық акциясы. Себебі ел үкіметі жүргізіп жатқан саясатқа көңіліміз толмайды. Швейцарияда өлім-жітім деректері көбейіп кетті. Осыған байланысты билік өкілдерін тез арада шара қабылдауға шақырамыз.