Еуразияда әлемдегі ең ұзын теміржол салынды

Лаоста Ботен қаласы мен елдің астанасы Вьентьян арасын жалғайтын теміржол бағыты ашылды.

414 шақырымдық жол 5 жыл бойы салынып, оған 6 млрд доллар жұмсалған. Жаңа көлік торабы әлемдегі ең ұзын теміржол бағытын құру үшін қолданыстағы жолдарды біріктірді. Бағыттың жалпы ұзындығы-18 655 шақырым. Ол Португалия астанасында басталып, 13 елден өтеді: Франция, Беларусь, Польша, Моңғолия, Таиланд, Қытай, Сингапур және басқалар. Саяхатшыларға станцияларды ауыстыруға және келесі пойызды ұзақ күтуге тура келеді. Бір шетінен екіншісіне сапар үш аптаға созылуы мүмкін.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru

Сондай-ақ...