Индонезияда жер сілкінді

Индонезия жағалауында 4,8 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) ақпарат таратты.

Жер сілкінісі Қазақстан уақытымен таңғы алты шамасында болған. Жер асты дүмпуінің эпицентрі елден оңтүстікке қарай 87 шақырым жерде орналасқан Горонтало қаласы маңында болған. Кіндігі 70 шақырым тереңдікте болған.

Бұған дейін Фиджи аралы аумағынада магнитудасы 5,9 балдық 4 рет жер асту дүмпулері болған.