Фиджи аралдарында қуатты жер сілкінісі болды

Фиджи аралдарында күші 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат ошағы Овалау аралындағы Левука қаласынан 139 шақырым жерден өтіп, кіндігі 639 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

earthquaketrack.com

Авторы: Г. Абилова

Сондай-ақ...