«Омикронға» байланысты ондаған мың ұшақ рейсі кейінге шегерілді

Әлемді «Омикрон» жайлап барады. Дерттің тез таралуына орай ондаған мың ұшақ рейсі кейінге шегерілді.

Бұған ең алдымен экипаж мүшелерінің коронавирус жұқтыруы себеп. Кейбірі науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты оқшауланған. Сөйтіп Еуропа елдерінде 8 мыңға жуық ұшақ ұшпай қалды. АҚШ әуежайларында 640-тан астам ұшақ қаңтарылып тұр. Жолаушылар билеттерін басқа рейстерге ауыстыруға мәжбүр.