Катарда футболдан әлем чемпионаты өтеді

Биылғы жылдың ең басты спорт сайысы Катарда өтуі тиіс, деп хабарлайды Хабар 24.

Футболдан әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасында басталып, 18 желтоқсанда аяқталуы керек. Катар аяқдоп додасын өткізгелі отырған алғашқы араб мемлекеті. Тағы бір ерекшелік – әлем чемпионаты күз бен қыста тұңғыш рет ұйымдастырғалы отыр.