Өзбекстанда жаяу жүргіншілерге бір жылда төрт миллион доллар төленген

Өзбекстанның Туризм және спорт министрлігі «Салауатты өмір салты» платформасын пайдаланушылар саны мен осы уақытқа дейін қанша ақша төленгені туралы ақпарат берді.

.www.1hls.uz платформасында тіркеуден өткен 18 жастан асқан өзбекстандықтар саны 1,2 миллионнан асып, оны пайдаланушылар саны 1 миллион 209 мың 77 адамға жеткен. Оның 757 680-і ерлер, 451 397-і әйелдер.

Елдегі министрліктің мәліметінше, платформаны пайдаланушыларға осы уақытқа дейін 43 миллиард 45 миллион 953 мың сум, яғни шамамен 4 миллион доллар төленген.