Mercedes-Benz компаниясына $17 млн айыппұл салынды  

Оңтүстік Кореяның монополияға қарсы реттеуші органы немістің Мерседес-Бенц компаниясына 17 миллион доллар айыппұл салды. Өйткені автоөндіруші дизельді көліктерінің ауаға бөлетін зиянды заттарына қатысты мәліметті бұрмалаған.

Оңтүстік Корея өкілдерінің хабарлауынша, 2012-2018 жылдар аралығында Мерседес-Бенц темір тұлпарларына заңсыз бағдарламалық жасақтама орнатқан екен. Соның көмегімен ауаны ластау көрсеткіштері төмендетіліп отырыпты. Одан бөлек, Оңтүстік Кореялықтардың мәліметінше, 2013-2016 жылдар аралығында автоөндіруші қоршаған ортаға бөлетін заттары бойынша көліктері Еуро-6 стандартына сай келеді деп жалған жарнама жасаса керек. 

Мун Чон Сук, Оңтүстік Кореяның әділ сауда жөніндегі комиссиясының өкілі:

– Ауаға бөлінетін зиянды заттарқа қатысты деректерді бұрмалау көлік сатып алуға келген адамға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бізде бұған дейін де Фольксваген компаниясына қатысты дау шыққан еді. Енді мына оқиғалар жайлы белгілі болды. Сондықтан біз айыпұл салу шешімін қабылдадық.