Ресей 36 елдің авиакомпанияларына әуе кеңістігін жапты

Ресей 36 мемлекеттің авиакомпанияларына өз әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды.

Бұл жауап ретінде қабылданған шара. Өйткені осыған дейін ондаған ел Ресейдің авиатасымалдаушылары үшін әуе кеңестігін жапқан еді.

Мұндай шешім туралы 25 ақпанда ең алдымен Польша мен Чехия билігі мәлімдеген. Артынан Еуропаның басқа елдері де тиісті қадамға барды. Кеше Еуроодақ өкілдері Ресей авиакомпаниялары үшін әуе кеңістігін толығымен жабатынын жария етті.