Ауғанстанның АҚШ-тағы дипломатиялық миссиялары жабылып қалды

Ауғанстанның Вашингтондағы елшілігі жабылды. Сонымен қоса елдің Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі консулдықтары да жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабаралуынша, оған қаржы тапшылығы себеп. Былтыр билік басына тәліптер келгенде АҚШ әкімшілігі елдің банктерінде сақталған Ауғанстанның активтерін бұғаттап тастаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша енді АҚШ-та тұратын ауғанстандықтарға Канададағы дипломатиялық миссия өкілдері консулдық қызмет көрсетуі мүмкін.