Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынады

Сынақ алаңында құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлайды. Ким Чен Ын бұл істі Пхеньянның АҚШ-қа төтеп беруге әзір болуы үшін жасалған дайындық шарасы деп түсіндірді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея 2017 жылдан бері алғаш рет құрлықаралық баллистикалық зымыранды толықтай сынақтан өткізді. Нәтижесінде зымыранның ұшу қашықтығы мен биіктігі бұған дейінгілерге қарағанда әлдеқайда артық екені анықталды. Сарапшылардың айтуынша, Hwasong-17 зымыраны мобильді ұшыру қондырғысы бар елдердің ішінде сыналған ең ірі зымыран. БҰҰ Пхеньянның бұл әрекетін қатаң сынға алып отыр.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы:

– Бас хатшы Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу ісін қатаң сын айтты. Солтүстік Корея 2018 жылы келісілген мораторийін және Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзып отыр. Бұл аймақтағы ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін.